50330
Оралда 64 жастағы ер адам алтыншы қабаттан секіріп кетті
Оралда 64 жастағы ер адам алтыншы қабаттан секіріп кетті
Оралда 64 жастағы ер адам 6-қабаттан секіріп көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz БҚО Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға 25 шілде күні 4-шағынауданда болған.
«Сағат 22.20-да 3-үйдің кіреберісінен 1959 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Марқұм 6-қабаттан секіріп, өз өмірін қиған. Ол гипертония диагнозымен есепте тұрған. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді», – деп хабарлады ведомстводан.