Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам көз жұмды

/
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам көз жұмды «Алматы-Астана» автожолында көлік апатынан бес адам көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz Алматы облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 
"26 шілде күні сағат 11:00-де Toyota corolla маркалы автокөліктің 29 жастағы жүргізушісі «Алматы-Астана» автожолының 225 километрінде келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota camry маркалы автокөлікпен соқтығысқанын хабарлаймыз. Апат салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапты", - делінген хабарламада.
Дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша Жамбыл ауданы ПБ-да тіркелді. Қажетті сараптамалық тексерулерді тағайындау мен тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары