Екібастұзда газ құю бекеті өртеніп, 17 жастағы жігіт көз жұмды

Екібастұзда газ құю бекеті өртеніп, 17 жастағы жігіт көз жұмды

Екібастұзда газ құю бекеті өртеніп, 17 жастағы жігіт көз жұмды
ашық дереккөзі
50335
Екібастұзда газ құю бекетінде өрт шығып, жас жігіттің денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірілген.
«26 шілде, сағат 13:24-те Екібастұз қаласы Қонаев, 5 көшесінде орналасқан АГҚБ газ құйылған 4 резервуар жанды. Сондай-ақ оқиға орнында шамамен 40 газ баллоны болған. Өрт жақын маңдағы «Феруза» азық-түлік дүкеніне өтіп, шамамен 200 шаршы метр аумақтағы шатыр, сондай-ақ 20 шаршы метр аумақтағы су мұнарасының шатыры өртенді. Сағат 15:22-де цистернаның жанынан 2006 жылы туған жігіттің денесі табылды. Өрт 15:00-де оқшауланып, 15:44-те сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталады. Жеке сектор жолдың арғы жағында 100 м астам қашықтықта орналасқан. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары