50701
Кішкентай қызды тепкен түрік азаматы қамауға алынды
Кішкентай қызды тепкен түрік азаматы қамауға алынды
Алматының іргесіндегі сауда ойын-сауық орталығында қызды тепкен түрік азаматы қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде кәмелетке толмаған баланы тепкен ер адам 2 ай мерзімге қамауға алынды", - деп хабарлады ведомство.Қазіргі уақытта сараптамалар тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр.