50364
Қаскелеңде әйелдер арасында жаппай төбелес болды
Қаскелеңде әйелдер арасында жаппай төбелес болды
Алматы облысында әйелдер арасында болған жаппай төбелес видеоға түсіп қалды, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға орнынан түсірілген видео жергілікті Instagram парақшалардың бірінде жарияланды.
Алматы облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға Қаскелең қаласында 2023 жылғы 24 шілдеде болған.
«Төбелеске қатысушылардың жеке басы анықталды. Олар полиция бөлімшесіне жеткізілді, олардан жауап алынып жатыр», - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметінен.