1 минутта 2 гол: «Астана» екінші кезеңге жолдама алды

1 минутта 2 гол: «Астана» екінші кезеңге жолдама алды

1 минутта 2 гол: «Астана» екінші кезеңге жолдама алды
ашық дереккөзі
50189
Грузия астанасы Тбилисиде елордалық «Астана» жергілікті «Динамо» командасымен қарымта кездесу өткізіп, 1:2 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлады Turkystan.kz. Осылайша Григорий Бабаян жаттықтыратын қазақстандық клуб чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне шықты. Кездесуде алғашқы болып есепті алаң иелері ашқан. 22-минутта Усман Камара гол соқты. Бұдан кейін де алаң иелері арагідік шабуылға шығып, Чондрич қорғаған қақпаға бірнеше мәрте соққы жасады. "Астана" футболшылары да қарап қалмады. Таразы басын теңестіру үшін барын салды. Бірақ бірінші таймда 1:0 есебі тіркелді. Ойынның екінші бөлігінде Григорий Бабаян футболшыларының асығы алшысынан түсті. Айналдырған бір минуттың ішінде екі гол салды. "Астана" сапындағы бірінші доп капитан Абзал Бейсебековтің атына жазылды. Ол 50-минутта көзге түсті. 51-минутта Дембо Дарбо жеңісті голды соқты. Екі футболшыға да нәтижелі пасты Аманович шығарып берді. Бұл жеңісінен кейін "Астана" екінші кезеңге жолдама алып, хорватиялық "Динамо Загреб" командасына қарсылас атанды. Айта кетейік, елордада өткен чемпиондар лигасының бірінші кезеңіндегі алғашқы ойында "Астана" грузиялық "Динамо Тбилисмен" тең түскен (1:1) болатын.

Серіктес жаңалықтары