"Сотталушы К. 15 наурызда 2023 жылы сағат 04:30 шамасында Кеген ауданында қылмыстық жоспарға сәйкес шекарадан еркін өтуге кедергі жасайтын тікенді сым спиральді қауіпсіздік тосқауылының төменгі сымын көтеру арқылы, Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу пунктінен тыс қасақана шекараны заңсыз кесіп өткен. Осылайша, К. Манас әуежайы арқылы Түркияға ұшып, соттан қашып кеткен. Ұсталғаннан кейін ол Қазақстанға экстрадицияланды", - делінген хабарламада.
Күдебаевтың қалай қашып кеткені белгілі болды

Күдебаевтың қалай қашып кеткені белгілі болды
Алматы облыстық соты экс-генерал Серік Күдебаевтың елден қашуы туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы облысы Кеген аудандық сотында Күдебаевтың елден қашу ісі қаралды.