Қазақстан Жазушылар одағы АОФ директоры қызметін Махамбет сыйлығының иегері, ақын Әлия Дәулетбаева атқарады, деп хабарлады turkystan.kz Атырау облысының Мәдениет басқармасына сілтеме жасап.
Зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар қатысқан жиында филиалдың жаңа директорын Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мереке Құлкенов таныстырған.
Әлия Дәулетбаева 1977 жылы Индер ауданында дүниеге келген.
Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-ды бітірген. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты.
"Сол бір сәуле", "Жандауыс" жыр жинағының авторы, көптеген халықаралық және республикалық жыр мүшәйралары мен байқаулардың жеңімпаз-жүлдегері, "Фариза жұлдыздары" жас ақындар клубының жетекшісі.