Алмат АБДРАХМАНОВ: Қуыршақ театрының әлемі ғажайыпқа толы

Алмат АБДРАХМАНОВ: Қуыршақ театрының әлемі ғажайыпқа толы

Алмат АБДРАХМАНОВ: Қуыршақ театрының әлемі ғажайыпқа толы
ашық дереккөзі

Театр – адамды рухани жақтан тәрбиелеп, та­нымын өсіретін мәдени өнер ордасы. Бү­гінде елімізде ересектер ғана емес, бала­ларға, жасөспірімдерге арналған театрлар өз жұ­мы­сын лайықты жүргізіп келеді. Соның бірі – Ал­матыдағы Мемлекеттік қуыршақ театры. Ірге­тасы қаланғанына 87 жыл болған бұл театр – жас көрермендердің көзайымына ай­налған өнер ордасы. Біз Алматы Мемлекеттік қуыр­шақ театрының директоры Алмас Абд­рах­мановпен аталған театрда атқарылып жат­қан істер жайында әңгімелескен едік. − Алмат Амангелдіұлы, о баста Ал­ма­ты қаласында өлкелік қуыршақ театры ре­тінде ашылып, кейін Мемлекеттік қуыр­шақ театрына айналған бұл өнер ор­дасының еліміздегі балаларға қа­тыс­ты мәдени жұмысты жақсарту мақ­са­ты­мен құрылғаны белгілі. Айтыңызшы, қуыр­шақ театрының балалар танымын қалыптастырып, ой-өрісін өсіруге әсері қандай? − Іргетасы 1935 жылы құрылған Алматы қа­­­ласының Мемлекеттік қуыршақ театры – республика тарихындағы тұңғыш қуыршақ театр. Бү­гінде 87 жылдық тамырлы тарихы бар өнер ордамыздың балалар танымын қа­­лып­тастырып, ой-өрісін өсіруге негіз­дел­ген ба­ғыты мен бағдары айқын. Ұлттың ру­хани қа­жеттілігін өтеп отырған театрдың ре­пер­туар­лық саясатының ауқымы да кең. Репер­туар­дағы қырықтан астам қойылымдар қа­зақ және орыс тілдерінде көрермен назарына үз­діксіз ұсынылып отыр. Театрдың не­гізгі мақ­саты – ұлттық қуыршақ театры­ның дам­уы жолында көркемдік жағынан жо­ғары, кә­сіби театр артистерінің қатысуы­мен қуыр­шақ қойылымдарын сахналай отырып, өс­ке­лең ұрпақтың бойына рухани азық сый­лап, патриоттық, адамгершілік, отансүйгіш­тік, т.б. адами ізгі қасиеттерді кеңі­нен сіңіру. Осы тұрғыда қуыршақ театры­ның бала тәр­биесіне тигізетін әсері ора­сан зор. Ба­ла­лардың рухани-моральдық сұраныстарын қа­нағаттандыра отырып, ойлау қабілетін да­мыту мен шығармашылық белсен­ді­лік­те­рін арттыру, әлемдік мәдениет құнд­ы­лық­тары­мен таныстыру мақсатында әлеуметтік-мәд­ени кеңістік ұйымдастыру – біздің негізгі мін­детіміз. − Қазақ балаларына ежелден қуыр­шақ өнері таныс десек болады, мәселен, ер­те­де ағаштан жонылып жасалған киік­тің, жылқының мүсіншесіне сыл­дырмақтап жіп тағып домбыра тарт­қан­да, жіптің бір ұшын домбыра тартатын саусаққа іліп билету арқылы мүсіндерді қозғалысқа келтірген. Бүгінгі қуыршақ театрларында қуыршақпен спектакль қоюдың қандай түрлері бар? − Иә, негізінде тарихы сонау «Ортеке» күйі­нен бастау алған қуыршақ өнері қазаққа тым таңсық дүние емес деуге болады. Деген­мен ол бүгінде түрленіп, қазіргі заман ағы­мы­на сай сан алуан бейнелермен көрермен назарына ұсынылуда. Театрымыздың репертуарындағы түрлі жанрларға байланысты қуыр­шақ түрлері де өзгешеленіп отырады. Жалпы, қа­зір сахна төрінде марионетка (жіпті), трос­ты, сау­сақ, бойлы, планшетті, т.б. қуыр­шақ түрлерімен артистер түрлі бейнелерді сом­дайды. Қазір өнер ордамыз қуыршақ теат­ры тек балалардың қажеттіліктерін қам­т­иды деген стереотипті жою мақсатында әлем­дік театр тәжірибелерін қолдана оты­рып, тиімді тұс­тарын қуыршақ театрының жұ­мыс жос­парына енгізу және қуыршақ қойы­лым­дары­ның жанрлық түрленуін за­манауи үлгіге сәй­кестендіре отырып, әртүрлі жа­стағы көрер­мен­дерге лайықталған спек­так­льдерді сахна­лауды да жүзеге асыруда. Ре­пертуар қоржы­нында үш жастағы бүл­дір­шіндерден бастап ересектерге де арналған ақпараттық-таным­дық, ұлттық және әлемдік ертегілер, аңыз, поэтикалық драма, трагедия, шоу-концерт, драма, фантасмагория, пси­хологиялық моноспектакль, ойын-сауық­тық бағдарлама, интерактивті жанрларындағы қойылымдар көрермендер назарына ұсы­нылып келеді. − Бір кезде жас балалар үшін қуыр­шақ театрлары арнайы ертегі пьесалар қойып, оларды қиял-ғажайып әлеміне ер­тетін. Кейін телеарна дамып, мульт­фи­льмдер көбейді. Қазір балаларға ин­тернет арқылы қарайтын мультсе­риал­дар көп. Осындай жағдайда бала­лар­дың қуыршақ театрына деген ықы­ласы қалай? Жас көрермендер әлі көп пе? − Қазіргі қуыршақ театры – жан-жақ­ты­лы­ғымен өзгешеленген, жаңаша форматтар мен батыл қадамдардың, тың жаңалық­тар­дың ордасы. Тамырлы тарихы ғасыр қой­науы­мен тоғысқан ғажайыптар мекенінде бүгін­де кішкентай көрермендермен қатар, ере­сектер де рухани демалып қана қоймай, за­манауи театр келбетіне куә бола алады. Қуыр­шақ театры көрермен талғамы мен сұра­нысына сай, қоғамда көтеріліп жүрген маңыз­ды мәселелерді қуыршақтардың түрлі мүмкіндіктерімен қамти отырып, жас жеткіншектер санасын жандандыратын адам­гершілік-рухани құндылықтарды дәріп­тейтін тәлімді туындылар таңдауда аса үлкен жауапкершілік міндетін саралай келе, жыл өткен сайын қойылымдар кеңістігін сапалы да пайдалы премьералармен толықтыруда. Осы тұрғыда айта кететін маңызды жайт, театр ұжымы үшін өткен 2022 жыл жа­­­­ғымды жаңалықтар мен жарқын жетіс­тік­терге толы жемісті жыл болды. Көрермен­дер­ге жалпы саны – 1164 қойылым ұсыныл­ды. (2021 ж. – 533 қойылым). 2021 жылмен са­лыстырғанда қойылым көрсеткіші 244 пайыз­ға артты. Ал осы жылғы қаңтар-мау­сым аралығында қойылым саны 464-ке кө­теріл­ді. Театрға келуші көрермендер саны да жыл өткен сайын айтарлықтай ұлғаюда. Мә­­­селен, 2022 жылы көрермендер саны – 82120 адамға (2021ж. – 39400) көбейді, яғни 2021 жылмен салыстырғанда 208 пайыз жоғары көрсеткішке қол жеткізілді. Соңғы тоқсандық көрсеткіш бойынша көрермен саны – 27618-ге жетті. Жоғарыда айтылған көр­­сеткіштер көрерменнің қуыршақ теат­ры­на деген ықыласының дәлелі деп ой­лай­мын. Сонымен қатар былтырғы жылы өнер ордамыз 7280 аз қамтылған, көпбалалы, мүм­кіндігі шектеулі отбасы балаларына қойы­лым ұсынса, биылғы жартыжылдықта 2025 баланы қамтып отыр. Алдағы уақытта да театр ұжымы қоғамдағы өткір мәселелерді ар­қау еткен, идеялық мазмұны кең, тәрбие­лік мәні зор қойылымдар сахналауға дайын­дық үстінде. − Театрдың репертуары жөнінде айт­­­саңыз? Бұрынғы балалар аңыз, ер­тегі секілді жанрлардағы қойы­лым­дар­ды қызықтаса, интернеттен әлемнің бар­лық мультсериалын, түрлі фан­тас­тикалық кейіпкерлері бар жасөс­пірім­дерге арналған киноларды көріп өс­кен бүгінгінің балалары нені көргенді ұна­тады? Қандай жиі көрсетілетін не­месе көрерменнің көңілінен шығатын қойылымдарыңыз бар? − Театр әкімшілігі мен көркемдік кеңес мү­шелері репертуар қойылымдарына аса үл­кен жауапкершілікпен қарап, тақырыпқа жә­не кәсіби құрам мен жанрлық ерек­ше­лік­терін мұқият саралап қатаң сүзгіден өт­кізеді. Қа­зіргі көрермен қызығушылығына сай за­мануи сан алуан кейіпкерлер, бүлдір­шін­дер­дің сүйікті образдары қамтылған туын­ды­лар­ды сараптап, сахналық нұсқаға дайын­дай­ды. Мәселен, жас көрермендерді көпшіл­дік­ке, мейірімділікке, адал достыққа, қайы­рым­дылыққа, еңбекқорлыққа, ұйым­шыл­дық­қа, терең түсінік пен кешірімділікке же­те­лейтін «Буратиноның шым-шытырық оқи­ғасы», «Аладдиннің сиқырлы шамы», «Үй­шік», «Үш торай», «Көңілді қонжықтар», «Қы­зыл телпек», «Қаздар мен аққулар», «Есте сақ­та, балақай!», кішіпейілділік пен таза­лық­қа, мақсатшылдық пен ғажайыпқа үндейтін «Күл­ше қыз», көңілді әуен ырғағында музы­ка­ның алғышарттарын үйрететін танымдық бағыттағы «Қасқыр мен жеті лақ», ұлттық на­ным-сенімдер, салт-дәстүрлерден көрініс бе­ріп батырлық, батылдық, достық ұғымд­а­ры­на түсінік беретін «Ер Төстік», «Ұр, тоқ­пақ!», «Қаңбақ шал» қойылымдары көрермен тара­пынан аса үлкен сұранысқа ие. Ересектерге арналған қойылымдар қа­та­рында ғажайып саздылығы, көркем та­би­ғаты, лирикалық әлемі, наздылық сипатымен миллиондаған тыңдармандардың жүрегінен ар­дақты орын алған көрнекті композитор, қа­зақ эстрадасының негізін салушы Шәмші Қал­даяқовтың 90 жылдық мерейтойына орай «Өмір – өзен» музыкалық театр­лан­ды­рыл­ған қойылымы көрермендерге тұңғыш жол тартты. Ғасырлар бойы шексіз де тұң­ғиық адам жанының сан қатпарлы сыр­ла­ры­на сарқылмас сахна өмірі арқылы сапар ше­гіп, әр дәуірде тарих қойнауында өзгеше ерек есімдерімен сақталған дара тұлғалар бей­­­несін бүгінгі күн көрерменіне жеткізетін ерек­ше күш − театр әлеміне қуыршақ өнерін қа­быстыра байланыстырған «Шал мен теңіз», «Макбет», «Медея», «Ромео мен Джу­льет­­та», «Ана жүрегі», «Ана Жер – Ана», «Мен деп ойла», «Мен бір жұмбақ адаммын... Абай» қойы­лымдары адамның ішкі арпалыс сезім­дерін, нәзік те тылсым психологиялық күш­терді, философиялық ойлар мен бүгінгі күн­де де маңызын жоғалтпаған мәселелерді ше­бер бейнелеген туындылар ретінде кө­рер­мендер мен кәсіби сыншылардан жоғары баға­сын алуда. − Қуыршақ театрының мамандары­ның қабілеті өзге түрдегі театрларға қара­ғанда басқаша болатыны белгілі. Қуыр­шақ театры артистерінің рөл орын­­даудағы ерекшеліктері, ізденістері туралы да әңгімелесеңіз? − Өнер жолы – расында қызығы мен қиын­дығы, күйініші мен сүйініші қатар қабысқан күрделі жол. Сахна өзің үшін ғана емес сен арқылы өнер туралы ой өрбітетін кө­рермен үшін де жауапкершілік артатын қа­сиетті орын. Ал қуыршақ театрының ар­тисі болу екінің бірінің қолынан келе бер­мей­ді. Себебі періште жүректі бүлдіршін жа­­­сандылықты қабылдамайды. «Театр – өнерді сүйетіндерге ғана емес, өмірді сүйе­тіндер үшін арналған» деген қанатты сөз бар. Қуыршақ театр артистері баладай аңғал, ақ көңіл де көпшіл. Қуыршақ өнеріне сарқыл­мас күш пен қажымас жігер ауадай қажет. Әр­бір рөлге деген сүйіспеншілік, оны жоғары дең­гейде шығаруға деген талап пен еселі еңбек − ең маңызды алғышарттар. Себебі қуыр­шақ театрының артистері өзін көр­сетуге емес, қуыршаққа жан бітіруге, кейіпке­рін ашуға барын салады, ғажайыпқа, ертегіге үндейді. Олар осы қасиетімен өзгеше болып қалмақ. − Сіздердің театрдың қойылымдары екі тілде екені белгілі. Қойылым­да­рыңыз­­ға қазақ мектебінің балалары көп келе ме, орыс мектептерінікі ме? Жал­пы, театрыңыздың қазақ балалары­на ұлттық дүниетаным қалыптастыру­дағы рөлі қандай? − Бүгінде республиканың тұңғыш қуыр­шақ театрының ұлттық дүниетаным қалып­тас­тырудағы рөлі зор. Ұлттық тәрбиелік мән­ге ие, көрерменнің ойын дамытатын қойы­лымдар қатары көп. Театр әкімшілігі әр аудиторияға сай қойылымдар сахналауды басты назарда ұстайды. Оның ішінде қазақ ба­ла­ларына ұлттық дүниетаным қалып­тас­тыру мақсатында қазақ халық ертегілерінің желісімен жазылған, жаңаша режиссерлік ұтқыр шешімдермен өзгешеленетін адамгер­шілік құндылықтарды дәріптейтін, адал достыққа, отансүйгіштікке, қайырымдылық пен адамгершілікке тәрбиелейтын, халық ті­ліне өте бай, даналық пен білімділікке үн­дейтін «Ұр, тоқпақ!», «Ер Төстік», «Қаңбақ шал», «Алтын адам», «Мен бір жұмбақ адам­мын... Абай», «Ана − Жер − Ана», «Өмір-өзен», «Ана жүрегі» сынды қойылымдарды ұсынуда. Атал­мыш қойылымдар арқылы театр бүлдір­шінд­ерді ұлтжандылыққа шақырады. Мәдени мекендегі қуыршақ қойы­лым­дары әртүрлі жастағы балалардан бөлек ерек­сектердің өзіне ұмытылмас әсер қал­дыра­ды. Қуыршақ кейіпкерлер арқылы ба­ла­ның жан дүниесіне жарқын эмоционалды сезім­дерді сыйлай отырып, балдырғандарға дос­тық, жауапкершілік, мейірімділік, ба­тыл­дық, еңбекқорлық сынды адами қасиеттерді дәріп­тейді. Ойлау көкжиегін дамытып, ай­наласымен тез тіл табысуға итермелеп, сөз­дік қорын байытады. Сахнада болып жатқан оқи­ға арқылы көптеген сұраққа жауап тауып, ішкі қақтығыстарды шешуге көмек­те­седі. Екі тілді аудиторияны қамты­ған­дықтан, балаларға арналған қойылымдарды мін­детті түрде қазақ және орыс тілдерінде сахналаймыз. Осыдан он жылдай бұрын орыс тілді көрермен саны басым сұранысы жо­ғары болды. Себебі спектакльдердің пайы­зы орыс және шетел шығармалары бол­са, 30 пайызы ғана қазақтілді авторлар­дың туындылары еді. Күнделікті сахна­ла­натын үш қойылымның екеуі орыс тілінде, біреуі қазақ тілінде болатын. Қазір жағдай бас­қа. Репертуарда ұлттық шығармалар ре­тін көбейтіп, арнайы қазақ тілінде жазылған пьеса­ларды сахналай бастадық. Сәйкесінше, қазақтілді аудиторияның сұранысы көбейіп, күн­делікті үш қойылымның екеуін қазақ ті­ліне ауыстырдық. Қазір театрымызға екі тіл­ді де көрермендердің тарапынан сұраныс бір­дей. Әрбір қойылымдардың өзіндік кө­рер­мендері бар. Қала тұрғындарының сұ­ранысы жоғары. Себебі бала санасына әдеби шы­ғарманы сахнаның тілі арқылы сиқыр­лап, сан түрлі формада жеткізетіні өзге өнер ордаларына ұқсамайды. Қуыршақ театры­ның әлемі ғажайыпқа толы екені де содан. Саусаққа киетін қуыршақтан бастап, қолғап, ма­рионетка, суырмалы, планшетті, бойлы, кө­леңкелі қуыршақтар құбылып өнер көр­сеткенде көңіліңіз көтеріліп, сиқырлы орта өзіне баурап алады. − Елімізде қуыршақ театрлары үшін пье­са жазатын авторлар аз ба, көп пе? Олар­дың ізденістерінде қандай жаңа­лық бар? − 2020 жылы елімізде жарияланған Тө­тен­­ше жағдай кезінде мәдениет саласының ең­­беккерлері де қапы қалмай қалың көп­ші­лікті рухани байыту жолында түрлі жобалар жа­сап, көрермен назарына ұсынды. Тал­ғам­паз, талапшыл, тәуелсіз көрермендердің жү­регінен орын алып үлгерген тарихы терең тәр­бие мектебі кішкентай көрермендерімізді ға­на емес, ересектердің өзін сан-қилы қуыр­шақ өнеріне қызықтыра білді. Соның бір көрінісі ретінде республика бойынша жас драматургтердің балаларға арнап жазылған шығармаларын талдайтын «Пьеса оқы­лы­мын» ерекше атап өткім келіп отыр. Әр апта сайын театр режиссерлары мен артистері бел­гілі бір драматургпен ZOOM плат­фор­ма­сын­да кездесу ұйымдастырып, оның шы­ғар­ма­сын оқып, талдап, қорытынды шығарып отырдық. Соның нәтижесінде, бүгінде қуыр­шақ театрларына арналып арнайы жаңа пье­салар көптеп жазылып, көркемдік кеңес­ке ұсынылып келеді. Авторлар қатары кө­беймесе, азайған емес. Репертуарлық саясат­ты ұстана отырып, заманауи кейіпкерлер қата­рынан бөлек, өзіміздің ұлттық ертегі-аңыздарымызды сахналап, жаңаша бағытта ұсынуды дәстүрге айналдырып келе жатыр. − Қазір театр мәселесі сөз болғанда біреулер көрермен азайып кетті дейді, тағы біреулер кейбір қойылымдарға жұрт билет таппайды деп жатады. Мем­лекеттік қуыршақ театры өзіне көрер­мен тарту үшін қандай ізденіс­терге барып жатыр? − Балдырғандарымыздың балдай күл­кі­лері мен таңдай қағар таңданыстарын ту­ғы­за­тын қарапайым қуыршақ арқылы бүкіл бір шексіз әлемді жасап шығарып, жан сарайыңа сәуле себетін Алматы Мемлекеттік қуыршақ теат­ры соңғы алты жылдың көлемінде жыл­дың он екі айында еш демалыссыз жұмыс істеу­де, яғни әркез көрермендерімен бірге. Көрерменнің сұранысын қанағаттандыру мақ­сатында театр ұжымы жас жеткінше­к­тер­дің рухы таза, санасы биік, білімді де білікті тұлға болып дамуына, құнды өнер қуыршақ театрының маңызын ұғындыруға, сахна өнерінің сырын танытып, театр қыз­меті мен шығармашылығына назар аудар­туға, айналасын құрметтеуге арналған жаңа жобалар мен ұлттық рухты қалыптастыруға ба­ғытталған қойылымдарды сахналап жүр. Осы тұста ерекше атап өткім келетін жайт­тар бар. Өнер ордамыздың тұрақты кіш­кен­тай бүлдіршіндері өте көп. Репертуардағы қойы­лымды он шақты рет тамашалап, бар­лық кейіпкер мен өнерпазды жаттап ал­ған. Бүгінгінің көрермені – көзі ашық, кө­кірегі ояу. Көркемдік, техникалық тұр­ғы­дан қы­зық­тыра алсаңыз, қойылымды өзі-ақ іздеп келіп билет таппай қалады. Әлсіз қойы­лым болса, әрине уақыт өте келе репер­туар­да­ғы ғұмыры да қысқарады. Соңғы уақытта ин­терактивті қойылымдар қатарын көбей­тудеміз. Бұрынғыдай көрермен 40-50 минут бір орында тапжылмай, тыныш отырып көре алмайды. Оларды қойылымның бір бөлшегі ретінде қатыстырып, оқиға барысында түрлі танымдық ойындар ойнатып, сауалдарға жауап алып, билетіп отырады. Сол кезде спек­такльдің негізгі ойын, идеясын те­реңі­рек түсінеді. Біздегі «Қуыршақ думан», «Қас­қыр мен жеті лақ», «Үйшік», «Қызыл телпек», «Үш торай», «Ұр, тоқпақ», «Есте сақта, бала­қай!» қойылымдарына билет табылмай қа­латын сәттер жиі болады. Жалпы, қуыршақ театры өзіне көрермен тарту үшін түрлі із­деністерге жиі барады. Ең алдымен әлеу­мет­тік желідегі театр парақшаларында ақпа­рат­тық жарналамалардың тұрақты таратылуы, БАҚ беттері мен телеарналарда, радиода театр тынысының кеңінен насихатталуына кеңінен мән береміз. Алматы қаласынан тыс өңірлік көрермендер мен тыңдармандар ха­бардар болып отыруы үшін телеспек­так­ль­дер мен радиоспектакльдер таратылады. Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Ұлағатты ұр­пақ» мәдени-білім беру жобасының мек­теп бағдарламасына сай «Театр өнері» бөлі­мінде кәсіби театртанушылар, артистер театр репертуарындағы барлық қойылым бойынша мектеп оқушыларына онлайн дәріс оқыды. Қызықты әрі танымдық жоба қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді. Со­нымен қатар өнерсүйер бүлдіршіндер мен ата-аналарға онлайн және офлайн форматта театр артистері қуыршақтармен жұмыс істеудің алғышарттарын үйретіп, шеберлік сағаттарын өткізеді. Бейнежазбаларды кез келген уақытта театрдың instagram, YouTube арналарынан тамашалауға болады. Әрине, бұл үрдіс тоқтап қалмасы анық. Әлі де жаңа ізденістерге жол аша бермекпіз. − Мемлекеттік қуыршақ театрының осы кезге дейінгі жетістіктерінен ха­бар­дармыз, бұл театр көптеген халық­ара­лық байқауда жүлдегер болған өнер ор­дасы. Соңғы кезде қандай жетістік­теріңіз бар? Қаржылық, репертуарлық жағынан қиындықтар жоқ па? − Қуыршақ театры өнерінің көркемдік-эсте­тикалық ізденісі арқылы театр жанры­ның көкжиегін кеңейтіп, театр әлемінің за­манауи шығармашылығымен тыныстау мақ­сатында өнер ордамыз жыл сайын ха­лық­аралық, республикалық театр фес­тива­ль­дері мен форумдарға міндетті түрде қаты­сады. Әр фестивальден жүлделі орындарға ие болып, лауреат атанып жүрміз. Әр жетіс­тік­тің артында шығармашылық өнер ор­да­ларымен халықаралық деңгейде қуыршақ өнері саласындағы байланысты нығайтып, қуыршақ театр фестиваль кеңістігін, шы­ғармашылық иелерінің кәсіби және орын­даушылық шеберлік деңгейін арттыруда зор еңбектің нәтижесі бар. Соңғы бес жылдың көлемінде театр 30-дан астам фестивальге қатысты. Биылғы жылдың алғашқы жарты­жылдығында Алматы қаласында өткен VI Халықаралық «Ортеке» қуыршақ театрлары фестивалінде «Мен бір жұмбақ адаммын... Абай» спектаклімен ұжым «Ең үздік актерлік шеберлік» номинациясын иеленсе, халық­аралық «Total fest: Действующее лицо» фес­тивалінде аталмыш спектакльде өнер көр­сеткен театр артисі Руслан Абу «Ең сүйікті ак­тер» номинациясын иеленді. Атырау қа­ласында өткен Чапай Зұлхаш атындағы І рес­публикалық режиссерлер мен сценог­раф­тар фестиваль-форумында «Медея» спектаклі үшін суретші Алтынай Жүсіпәлі «Үздік сце­нограф», Астана қаласында ұйым­дасты­рыл­ған ІІІ халықаралық «Құралай» қуыр­шақ теат­рлары фестивалінде театр ар­тисі Болат Мо­мынжанов «Қуыршақ» спек­такліндегі рөлі үшін «Үздік ер адам рөлі» номинация­ла­рын қанжығаларына байлады. Екінші жар­тыжылдықта Болгария, Түркия, Қазақ­стан Республикалары мен Ресей Феде­ра­ция­сында өтетін халықаралық «Қуыршақ күндері» қуыршақ театрларының фестивалі, XIX халықаралық «Рязань спектакльдері – 2023» театр фестивалі, VI халықаралық «Мой­­дыста қонақта» қуыршақ театрлары фес­­тиваль-форумы, IX халықаралық «Ан­кара» қуыршақ театрлары фестивалі, XXVII халықаралық «Бурса» театр фестивалі және V халықаралық «TeArt – 2023» театр фести­ва­ль­деріне қатысу жоспарымызда бар. Ре­пе­руар­дағы балаларға һәм ересектерге арналған жаңа қойылымдардың сахналануы мен фестивальдерге қатысуға қаржылық тұр­ғыдан қолдау танытатын Алматы қала­сының Мәдениет басқармасын ерекше атап өткеніміз абзал. Фестивальдерге театр ре­пер­туарындағы жанрлық әрі жас ерекшелігіне сай түрлі аудиторияға арналған спектакль­дер­дің қоры мол болғандықтан соңғы үш жылда сахналанған жаңа қойылымдарды апа­рып шетелдік сарапшылар мен сын­шы­лардың пікірін, талдауын тыңдаймыз. Сол пікірлер мен талдаулар арқылы қай бағытта, қандай кәсіби деңгейде өсіп келе жатқа­ны­мыз, неден ұтып, неден ұтылып келе жат­қанымызды аңғарамыз. Ұлттық қуыршақ театр өнерін түрлі өнер додаларында наси­хаттау арқылы театрдың бүгінгі келбетін жаһандық әлемге таныта отырып, Алматы қаласының халықаралық деңгейде иммид­жінің қалыптасуына үлес қосудамыз деген сенімдемін. − Әңгімеңізге рахмет! Театрыңызға шығармашылық табыс тілейміз.

Сұхбаттасқан Ахмет ӨМІРЗАҚ