Көкшетау қаласындағы колледждердің бірінің жатақханасынан кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полицияның мәліметінше, қайтыс болған жасөспірім 2009 жылы туған. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала деректерге сәйкес, оқиғаның қылмыстық сипаты жоқ.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен мән-жайларын анықтау бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.
Басқа ақпараттар ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
 
								 
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                         
                                        