51147
Жаңа оқу жылында орыс тілі, ағылшын тілі қалай оқытылады
Жаңа оқу жылында орыс тілі, ағылшын тілі қалай оқытылады
Қазақ тілінде оқытатын бірінші сыныптарда әліппе/ана тілі, ал орыс тілі 2-сыныптан бастап оқытылады деп хабарлады turkystan.kz Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023-2024 оқу жылында тілдер оқу бағдарламасына кезең-кезеңімен енеді.
"Қазақ тілінде оқытатын бірінші сыныптарда әліппе/ана тілі, ал орыс тілі 2-сыныптан бастап оқытылады. Орысша оқитын 1-сынып оқушылары қазақ тілі және букварь пәндерін оқиды. Шет тілі 3-сыныптан бастап оқытылады", – делінген хабарламада.Тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу тәсілі өткен оқу жылынан бастап іске асырылып жатыр.
"Бұл тәсіл білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретіні маңызды", – деді Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева.