«Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауының жеңімпаздары анықталды

«Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауының жеңімпаздары анықталды

«Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауының жеңімпаздары анықталды
ашық дереккөзі
50282

Байқауға қатысу үшін 12 номинация бойынша 300-ге жуық өтінім түскен. Шорт-листке 48 жұмыс енді. Жеңімпаздарға 1 млн теңге ақшалай сыйақы мен "Тұмар" мүсіншесі берілді деп хабарлады turkystan.kz.

Ұлттық телевизиялық бәйгенің жеңімпаздары:

"Үздік ақпараттық бағдарлама" – "Дневной формат" ("Atameken Business" телеарнасы);

"Үздік әлеуметтік жоба" –  "Жанашыр" ("Жетісу" арнасы);

"Үздік журналистік зерттеу" –  "Арнайы репортаж" ("Хабар 24" телеарнасы);

"Үздік аналитикалық бағдарлама" – "Apta" ("Qazaqstan" ұлттық телеарнасы);

"Үздік ток-шоу" – "1001 түн"("Qazaqstan" ұлттық телеарнасы);

"Үздік ойын-сауық бағдарламасы" –  "Түнгі студия" ("Jibek joly" телеарнасы);

Телевизия майталманы Камал Смайылов атындағы "Үздік деректі фильм" номинациясы – "Абайдың соңғы күндері" деректі фильмі ("Хабар" агенттігі);

Отандық тұңғыш телевизия аниматоры, суретші, кинорежиссер Әмен Қайдаров атындағы "Үздік анимациялық фильм" номинациясы – "Дәрігер Дана" (Rio Production ютуб-каналы);

"Үздік аймақтық телеарна" – "Caspian news" телеарнасы (Атырау облысы);

"Үздік тележурналист" – Әйгерім Мұздыбаева ("Еуразия" бірінші арнасы);

"Үздік тележүргізуші" – Еркін Байғабылұлы ("Хабар 24" телеарнасы) және Светлана Булатова ("КТК" телеарнасы).

Амангелді Сейтхан атындағы "Үздік спорт комментаторы" номинациясы – Есей Жеңісұлы ("Qazsport" телеарнасы);

Сонымен қатар отандық телевизияның дамуына сіңірген еңбегі үшін "31 арна" арнайы жүлдеге ие болды.

Серіктес жаңалықтары