Банк тонаушылар туралы фильмдер топтамасы

Банк тонаушылар туралы фильмдер топтамасы

Банк тонаушылар туралы фильмдер топтамасы
ашық дереккөзі
50876

Экшн, триллер, драма жанрындағы фильмдер әркезде де сұранысқа ие. Назарларыңызға банк тонаушылар туралы фильдерді ұсынамыз.

Собачий полдень (1975)

 width=

Аль Пачино басты рөлде ойнаған бұл фильм шынайы оқиғаға негізделген. Мұнда досымен бірге Бруклиндегі банкті тонап жатқан Сонни Ворциктің оқиғасы баяндалады. Оның мақсаты - сүйіктісінің жынысын ауыстыру операциясының ақысын төлеу. Оқиға БАҚ-тың назарына іліккен сайын жағдай шиеленісе береді.

Город воров (2010)

 width=

Режиссері - Бен Аффлек, бұл фильмде Бостонның Чарлстаун ауданындағы банк тонаушылар туралы айтылады. Топтың жетекшісі Дуг Макрей (Бен Аффлек) тонау кезінде кепілге алған әйелге ғашық болады. Нәтижесінде топ ішінде шиеленіс болып, олардың қылмыстық әрекеттері қиындай түседі.

Схватка (1995)

 width=

Режиссер Майкл Манның бұл драмасында Роберт Де Ниро кәсіби ұрының рөлін сомдайды. Мұнда Аль Пачино детектив болып, оның тобының ізіне түседі. Фильм банкті тонаудың егжей-тегжейлі сипаттамасымен, сондай-ақ Лос-Анджелестің орталығындағы атыс-шабыс сахнасымен танымал.

На гребне волны (1991)

 width=

Бұл фильмде Киану Ривз ФБР агенті Джонни Юттің рөлін сомдайды. Ол «экс-президенттер» деп аталатын әйгілі банк тонаушылары деген күдікке ілінген серферлер тобына қосылу үшін жасырын жұмыс істейді. Фильм Юттің Бодхи бандасының жетекшісімен тығыз байланыс орнатқан сәтінен бастап қызықты бола түседі. Жетекшінің рөлін Патрик Суэйзи сомдаған.

Любой ценой (2016)

 width=

Бұл триллер қос ағайынды Крис Пайн мен Бен Фостер туралы. Олар Батыс Техастағы отбасына тиесілі ферманы сақтап қалу үшін банк тонау туралы шешім қабылдайды. Джефф Бриджес ойнаған отставкадағы рейнджер олардың ізіне түседі. Фильм Американың ауылдық жерлеріндегі экономикалық мәселелерді зерттегені үшін сұранысқа ие болды.

Не пойман - не вор (2006)

 width=

Режиссері - Спайк Ли, бұл фильмде кейіпкерлер Уолл-стриттегі банкті 24 сағаттың ішінде тонайды. Дензел Вашингтон Нью-Йорк полициясында детективтің рөлін сомдайды және күрделі сюжеттік желіні алып шығады. Сонымен қатар Клайв Оуэн ойнаған банк тонаушысын жеңуге бар күшін салады.

Малыш на драйве (2017)

 width=

Режиссері - Эдгар Райт, бұл фильм - қылмыс, экшн және музыканың үндестігі. Бэби атты жас жігіт стильді музыканы, көлікті жылдам жүргізуді және адреналинді жақсы көреді. Оның бүкіл өмірі атыс-шабыстың арасында өтіп жатыр. Өйткені ол қарақшыларға қылмыс орнынан қашуға көмектесетін жүргізуші болып жұмыс істейді. Бір күні ол ғашық болып, ойыннан шығуды қалайды. Алайда алдымен тағы бір тапсырманы орындауы керек болады.

Серіктес жаңалықтары