100-ден астам адам қаза тапқан: әлемде не болып жатыр?

100-ден астам адам қаза тапқан: әлемде не болып жатыр?

100-ден астам адам қаза тапқан: әлемде не болып жатыр?
ашық дереккөзі
50456
Маусым айында әлем елдерінің біразы табиғи апаттан зардап шекті. Ай әлі біткен жоқ, десе де 6 мемлекетте табиғи апат болып үлгерді. Оқиға салдарынан 100-ден астам адам қаза тапқан. Turkystan.kz тілшісі 19 күнде болған табиғи апаттарға шолу жасайды.

Қытай тау опырылуы

[caption id="attachment_226035" align="alignnone" width="1920"] width= Фото: news.cctv.com[/caption] 4 маусымда Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Лешань қаласында тау опырылып, салдарынан 19 адам қаза тауып, бес адам жарақат алды. Қытай орталық телеарнасының хабарлауынша, жексенбі күні таңертең Сычуань провинциясының Лешань қаласындағы мемлекеттік орман шаруашылығы кәсіпорнының аумағында тау опырылған. Оқиға орнына іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 600-ден астам адам жіберілді. Іздеу жұмыстары жергілікті уақыт бойынша 20:00-де аяқталды.

Гаити – су тасқыны

[caption id="attachment_226036" align="alignnone" width="1920"] width= Фото: Richard Pierrin/AFP/Getty Image[/caption] 3-4 маусымда Гаитиде нөсер жауын салдарынан мыңдаған үй су астында қалды, 42 адам қаза тауып, 85-і жарақат алды. БҰҰ-ның ақпаратынша, қатты жаңбырдан соң Гаитиде бірнеше өзен арнасынан шығып, бұл өз кезегінде су тасқынына, тас және лай көшкініне әкеліп соққан. Су тасқыны салдарынан 13 300-ден астам адам үйін тастап кетуге мәжбүр болды. Гаитидегі 10 департаменттің бесеуінде: Батыс, Ниппес, Оңтүстік-Шығыс, Солтүстік-батыс және Орталықта тағы 11 адам із-түзсіз жоғалды.

Гаити – жер сілкінісі

 width= 7 маусымда Гаитиде Жереми қаласында жер сілкінісінен 3 адам қаза тапты. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, 4,9 балдық жер сілкінісі Гаитиде таңертең болған. Ол толассыз жауған нөсерден кейін тіркелді. Салдарынан 13 мыңнан астам адам баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды. Гаити билігі қаза тапқандардың үшеуі жер сілкінісінен үйлері қираған кезде бастырылып қалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ ондаған адам зардап шеккен.

Канада – орман өрті

[caption id="attachment_226038" align="alignnone" width="1920"] width= Фото: GETTY IMAGES[/caption] Маусым айында Канадада 414 орман өрті орын алған, олардың 239-ы бақылаудан шығып кетті. 20 мыңнан астам адам өз үйлерінен эвакуацияланды. Квебектің өзінде ғана 150-ден астам белсенді өрт ошағы бар, бұл ретте жергілікті өрт сөндірушілердің бір уақытта 40-тан аспайтын өрт ошағымен күрес жүргізу мүмкіндігі бар. Өрт салдарынан АҚШ қалалары – Нью-Йорк, Вашингтон және басқаларында тұмша байқалды. АҚШ солтүстіктегі көршісіне жедел жәрдем жіберуде. Квебектен басқа, Британдық Колумбия, Альберта, Онтарио, Жаңа Шотландия және солтүстік-батыс аумақтарында 3,3 млн га алқапта орманды жер өртенді.

Қазақстан – орман өрті

 width= «Семей» орманы резерватында өрт 8 маусым күні шыққан болатын. Өрт найзағайдың 2 рет соғуынан шыққан.
«Сағат 12:03-те Семей қаласынан 25 шақырымдай қашықтықтағы Батпаев орман шаруашылығының 66 кварталында өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт найзағайдың 2 рет соғуынан шыққан. Өртті тез арада ауыздықтау мүмкін болмады. Оған себеп, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты техникасы биік құм төбелері орналасқан аймаққа жете алмады. Өрт орман шаруашылығы орналасқан жерден қашықтығы 11 шақырымды алса, техника жеткенше өрт аумағы 20 гектарды құрады. Жоғары температура мен қатты желдің салдарынан өрт екі сағаттың ішінде 200 гектар аумақты шарпыды», – деген болатын Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.
Айта кетейік, өртті сөндіру барысында 14 орманшы қаза тапты.

Сомали – жарылыс

[caption id="attachment_226040" align="alignnone" width="1920"] width= Фото: AP Photo/Farah Abdi Warsameh[/caption] Сомали ұлттық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 9 маусымда Сомалидің Төменгі Шабелле аймағында ескі бомбаның қалдықтары жарылып, кем дегенде 27 адам қаза тапқан. Марқұмдардың көбі – балалар. SONA агенттігінің хабарлауынша, жарылыстан кемінде 53 адам жараланған. Анадолы агенттігі хабарлағандай, жергілікті билік өкілі жарылыстың балалар ойнап жүрген саябақта болғанын мәлімдеген. Билік жарылысқа «Аш-Шабаб» террористік ұйымы жауапты деп санайды. «Аш-Шабаб» содырлары өз кезегінде Африка одағы бітімгершілік миссиясының сарбазы тастап кеткен қол гранатасы жарылғанын айтты.

Непал – су тасқыны

 width= Непалдың шығысындағы Санкхувасабха аймағында нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан бір адам қаза тауып, 17 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы 18 маусымда жергілікті полициядан мәлімдеді. Жергілікті полиция өкілі Бирендра Годар сенбі күні кешке толассыз жауған жаңбыр салдарынан Хева Кхола өзені арнасынан асып, тағы үш адам зардап шеккенін хабарлады. Оның айтуынша, 18 адам су тасқыны кезінде жаңадан салынып жатқан Хева Кхола су электр станциясында жұмыс істеген. Су тасқыны бірнеше үйді, екі көпірді және бірнеше малды алып кеткенін айтқан полиция өкілі жексенбі күні таңертеңге дейін тасқын судың беті қайтпай, құтқару жұмыстарын қиындатқанын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары