Головкин барлық чемпиондық титулынан айырылды

Головкин барлық чемпиондық титулынан айырылды

Головкин барлық чемпиондық титулынан айырылды
ашық дереккөзі
50244
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) орта салмақтағы IBO чемпионы атағынан ресми түрде бас тартты деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Халықаралық бокс ұйымының (IBO) президенті Эд Левин орта салмақтағы чемпиондық атақ өз иесін күтетінін хабарлады.
"Геннадий мен IBO арасындағы байланыс 12 жылға жалғасты. 22 жекпе-жек болды. Біздің белбеумен оның орта салмақтағы чемпиондық жолы басталды. Басты қарсыластары қаншама жыл жұдырықтасудан сескеніп-ақ жүрді. Себебі ол бірде-бір рет нокдаунға түспеген мықты боксшы болды. Оның чемпиондық атақтан бас тартқан шешіміне құрметпен қараймыз. Әрине, өкінішті. Бұл атақ осы салмақтағы өз иесін күтеді", - деді Эд Левин.

Серіктес жаңалықтары