«Сәбиді парафинмен күйдірген»: қызылордалық массажистке қатысты қылмыстық іс қозғалды

«Сәбиді парафинмен күйдірген»: қызылордалық массажистке қатысты қылмыстық іс қозғалды

«Сәбиді парафинмен күйдірген»: қызылордалық массажистке қатысты қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөзі
50354
Қызылорда қаласында сәбиді парафинмен күйдірген массажист әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл оқиға жөнінде әлеуметтік желі беттерінде жарияланды. Онда массажист әйелдің сәбиді парафинмен күйдіріп қойғаны айтылады. Бала үшінші дәрежелі күйік алып, ауруханаға жатқызылған. Қызылорда қалалық Полиция басқармасы аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен (қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету дерегі бойынша) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді", - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары