Астананың қоршаған ортаны қорғау ведомствосының басшысы ұсталды

Астананың қоршаған ортаны қорғау ведомствосының басшысы ұсталды

Астананың қоршаған ортаны қорғау ведомствосының басшысы ұсталды
ашық дереккөзі
50526
Астана қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева ұсталды. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Иә, сотқа дейінгі тергеу басталғанын растаймыз. Тергеу шаралары жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, бұл оқиғаға қатысты өзге ақпараттар жария етілмейді», - деп жауап берді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов тілші сауалына орай.
Әзірге Әлия Қожабаеваның не үшін ұсталғаны белгісіз. Агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукенов бастапқы мән-жай анықталғаннан кейін қосымша ақпарат берілетінін айтты.

Серіктес жаңалықтары