50393
Пәтері мен көлігі жоқ қазақстандықтардың балаларын тартып алатыны рас па?
Пәтері мен көлігі жоқ қазақстандықтардың балаларын тартып алатыны рас па?
WhatsApp-та қазақстандықтар Ашық НҚА порталында орналастырылған жаңа бұйрыққа қарсы дауыс беруге шақыратын хабарламаны таратуда. Онда пәтерлері мен көліктері, жеке бизнесі жоқ ата-аналардың балаларын тартып алып, шетелге жіберу қарастырылған нормалар бар. Ал бұл нормалармен келіспегендерді психотроптық препараттармен мәжбүрлеп емдейді екен. Мұның бәрі жалған деп хабарлады turkystan.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Шын мәнінде, хабарламада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Отбасының (адамның) әлеуметтік әл-ауқатын айқындау әдістемесін бекіту туралы" бұйрығының жобасы туралы айтылып отыр. Ол баршаға қолжетімді және қоғамдық талқылауға шығарылды.
Жоба мәтінінде қазақстандық отбасылардың бірнеше пәтері мен көлігі, сондай-ақ, олар кәсіпкер болуға тиіс екені туралы ештеңе жазылмаған. Сондай-ақ, балаларды отбасылардан тартып алу немесе мәжбүрлі түрде психиатриялық емдеу туралы айтылмайды.
Оның орнына жобада қазақстандықтардың әл-ауқатының деңгейін жеті түрлі өлшеммен анықтау ұсынылады:
- кірістер мен кредиттік міндеттемелер болуы;
- жұмыспен қамту (отбасының еңбекке қабілетті мүшесінің жұмыспен қамтылуы);
- тұрғын үй, жеке қосалқы шаруашылық, жер учаскесі болуы;
- жылжымалы мүлік болуы;
- әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтермен қамтамасыз ету;
- денсаулық сақтау саласындағы қызметтермен қамтамасыз ету;
- білім беру саласындағы қызметтермен қамтамасыз ету.
- қолайлы деңгей, 1 800 және одан жоғары балл;
- қанағаттанарлық деңгей, 730-дан 1 799 балға дейін;
- қанағаттанарлықсыз деңгей, минус 30-дан 729 балға дейін;
- дағдарыс деңгейі, минус 460-тан минус 29 балға дейін;
- мүшкіл деңгей, минус 459 балға дейін.