Алматыда бильярдтан Бердіқұлов атындағы республикалық турнир өтеді

Алматыда бильярдтан Бердіқұлов атындағы республикалық турнир өтеді

Алматыда бильярдтан Бердіқұлов атындағы республикалық турнир өтеді
ашық дереккөзі
50393
Биыл журналист, жазушы Сейдахмет Бердіқұловтың туғанына - 90 жыл. Осыған орай «Жас Алаш» газеті Алматыда БАҚ өкілдері арасында бильярдтан республикалық турнир өткізеді.  19 мамыр күні сағат 10:00-де «Бастау» (Алматы  қаласы, Шагабутдинов көшесі 109 А) бильярд клубында сайыс жеребесі тартылады. Қатысушыларға мерекелік дастарқан жайылып, жарыстан соң жеңімпаздар  ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Турнирдің жүлде қоры: Бас жүлде – 500 000 теңге; 1-орын – 300 000 теңге; 2-орын – 200 000 теңге; 3-орын – 100 000 теңге; Екі ынталандыру сыйлығы – 50 000 теңгеден; Турнирге қатысу үшін БАҚ өкілдері алдын ала тіркелуі тиіс. Қатысушылардың қызметтік куәлігі болуы шарт. Жарысқа қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды. Тіркелу үшін 8 701 861 74 07 (WhatsАpp) нөміріне хабарласып немесе zhasalash100@gmail.com поштасына өтініш қалдыру керек.  width=

Серіктес жаңалықтары