«Ұлттық мұра» жобасы аясында Шәкәрімнің шығармашылығы дәріптелді

«Ұлттық мұра» жобасы аясында Шәкәрімнің шығармашылығы дәріптелді

«Ұлттық мұра» жобасы аясында Шәкәрімнің шығармашылығы дәріптелді
ашық дереккөзі

«АМАNAT» партиясының «Ұлттық мұра»партиялық жобасы аясында М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Ұлт ақыны – Шәкәрім» атты қоғамдық дәрісі өтті. Іс-шараға өңірдегі зиялы қауым өкілдері, жастар, партия филиалының қызметкерлері және т.б. қатысты.

Тарихи-танымдық іс-шараны ашқан Абай облыстық мәслихатының депутаты Шағангүл Жанаева «АМАNAT» партиясы елдікке үндейтін бірқатар жобаны қолға алғанын алға тартты.

«Бұл жобалардың барлығы халыққа қажет, жастардың тәрбиесіне ықпал ететін бірден-бір тиімді бастамалар. Биыл еліміз үшін өткен жылдағыдай атаулы даталарға толы. Мерейтойлар аясында халқымыздың мерейін үстем ететін игілікті шаралар көп болады деген үміттеміз. Бүгінгі іс-шара бірегей тұлға Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналып отыр», - деді Жанаева.

Партияның Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Думанғазы Арғынғазин жобаның мақсаты мен міндеттеріне тоқталып, іс-шараны өткізудің маңыздылығын атап өтті.

«АМАNAT» ұлттық құндылықтарды дамыту бағытында өткізілетін партиялық іс-шараларды жүйелеу және біріздендіру мақсатында «Ұлттық мұра» партиялық жобасы қолға алғанын білесіздер. Бүгін қоғамдық дәріс түрінде өтіп жатқан іс-шара халқымыздың 1920-1930 жылдардағы қасіретті тарихынан сыр шертеді. Тарихтан тағылым алып, болашағымызды бағамдау үшін жас буынға осындай дәрістер өте қажет деп есептеймін», - деді атқарушы хатшы.

Жоба аясында атқарылатын жұмыстың форматы әртүрлі. Қоғамдық дәрісті филология ғылымдарының кандидаты, «Абай және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу орталығының жетекші Ақмарал Смағұлова жүргізді. Ол Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы тың деректер ұсынып, ақын мұралары жөнінде мазмұнды баяндама жасады. Сондай-ақ «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» қызметкерлері қатысушыларды «Шәкәрім әлемі» атты көрмемен таныстырды.

Алдағы уақытта осындай мазмұнды дәрістерді өзге білім ордаларының қабырғасында ұйымдастыру жоспарланып отыр.