50421
Жаңаөзендегі жарылыс: бір адам қаза тапты
Жаңаөзендегі жарылыс: бір адам қаза тапты

Жаңаөзендегі жарылыстан 1 адам қаза тауып, 13 адам зардап шекті деп хабарлады turkystan.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 сәуір күні сағат 05:04-те Жаңаөзен қаласында екі кіреберісті, 12 пәтерлі, 2 қабатты тұрғын үйдің 2-ші кіреберісіндегі пәтерінде жарылыс болды. Болжам бойынша, газ қоспасы жарылып, 150 ш.м. аумақ зақымданған.
«Сағат 08:30-да үйінді астынан алты адам шығарылды. 08:30-ға дейін 13 адам зардап шекті, оның ішінде 1 мәйіт табылды, 5 адам ауруханаға жатқызылды, 7 адам үйіне шығарылды», - делінген хабарламада.Жарылыс салдарынан 3 пәтер зардап шекті. Тұрғын үй газдан ажыратылған. Аумақ үйіндіден тазартылуда. Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталуда. ТЖД жедел штабы мен сенім телефоны жұмыс істеп тұр.