50356
Павлодарда 3 жасар бала терезеден құлап кетті
Павлодарда 3 жасар бала терезеден құлап кетті
Павлодар облысы жедел жәрдем стансасының мәліметінше, бала көпқабатты тұрғын үйдің 9-қабатынан құлаған деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Өкінішке қарай, биіктен құлаған баланы құтқара алмады.
«Баланың терезеден құлағаны туралы шақырту сағат 18.32-де түсті. Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына 3 минутта жетті», – делінген ресми хабарламада.
Бала оқиға орнында көз жұмды.