50235
Балаларым кінәлі емес – Жигули Дайрабаев
Балаларым кінәлі емес – Жигули Дайрабаев
Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев істі болған балаларын кінәлі деп есептемейтінін мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Балаларыма қатысты мәселе бойынша депутат әріптес ретінде қолдау көрсетіп жатырсыздар. Балаларымды кінәлі деп есептемеймін, олар әділдік үшін күреседі. Апелляциялық сотқа жүгініп, абыройын қорғауға мүдделі. Ендеше, мен Мәжілістен не үшін кетуім керек? Ауыл тұрғындары, шаруалар, өзімді сайлаған «Ауыл» партиясы маған үлкен үміт артып отыр. Көптеген өткір мәселелерді қолға алып, жұмыс істеуім керек», - деді Дайрабаев Мәжілістің жалпы отырысында.Бұдан бұрын хабарланғандай, Тараз қаласының соты алаяқтық жасады және ірі мөлшерде ақша жымқырды деп айыптап, үкім шығарған екі күдіктінің Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдары екені белгілі болды.