50512
Алматыда мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады
Алматыда мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады
Алматы облысында жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады деп хабарлады turkystan.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. Қайғылы оқиға Тұрар ауылында болды. Әжесінің айтуынша, 16 жастағы оқушы сабақтан үйге келген. Түскі астан кейін ұйықтауға кеткен. Ал 2 сағаттан кейін ол сарайдан асылып тұрған жерінен табылған. Бала ол кезде қайтыс болған. Қазір полицейлер өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары оның мұндай әрекетке неге барғанын анықтайды.
"Қазір тергеу жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Алматы облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі өкілі.