УЕФА EURO-2016-ға қатысқан қазақстандық клубтарға 1,2 млн еуро бөлді

EURO-2016 іріктеу және ақтық кезеңіне қатысқан барлық 54 ұлттық қауымдастық клубтарына УЕФА 150 миллион еуро қаражат бөлді. Бұл туралы  УЕФА ресми сайтына сілтеме жасап KazFootball.kz хабарлады.

Ойыншылары EURO-2016 іріктеу және ақтық кезеңіне қатысқан 641 клуб УЕФА-дан төлемақы алады. Аталып өткендей, барлық 54 ұлттық қауымдастық клубтары УЕФА-дан қаржы алады.

ЕУРО-2016 аясында 329 матч өткен болатын. Оның 278-і іріктеу, ал 51-і финалдық кезең. 2015 жылы мерзімі созылған, УЕФА мен Еуропалық клубтар қауымдастығы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум шарттарына сәйкес, клубтарға 150 миллион еуро төленеді – бұл ЕУРО-2012 салыстырғанда, 50 миллионға артық.

УЕФА Атқару комитеті бекіткен табысты бөлу принципіне сәйкес, 100 миллион еуроны ойыншылары ЕУРО-2016 финалдық кезеңінде ойнаған клубтар алады. Қалған 50 миллион еуро ойыншылары іріктеу матчтарында ойнаған клубтарға беріледі. Мұнда ойыншылардың финалдық кезеңге шыққаны немесе шықпағаны маңызды емес.

Қазақстанның 12 клубы жалпы сомасы 1 199 386 мың еуро қаражат алады:

  1. «Қайрат» – 316 225
  2. «Ақтөбе» – 239 664
  3. «Астана» – 217 489
  4. «Ордабасы» – 150 355
  5. «Шахтер» – 87 707
  6. «Тараз» – 50 118
  7. «Атырау» – 45 941
  8. «Ертіс» – 33 412
  9. «Тобыл» – 29 235
  10. «Қайсар» – 16 706
  11. «Жетісу» – 8 353
  12. «Оқжетпес» – 4 176.
Back to top button