Парламент Мәжілісі депутаттары ҚазҰУ-ға келді

Парламент Мәжілісі депутаттары ҚазҰУ-ға келді

Парламент Мәжілісі депутаттары ҚазҰУ-ға келді
ашық дереккөзі
283
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қуаныш Сұлтанов, Мәулен Әшімбаев, Жәмила Нұрманбетова іссапармен келді. Кездесуге Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Саят Ағыбаев, Алматы қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Станислав Конкуров, Бостандық ауданы «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Баймұрат Жамбылов, Алматы қаласы Мәслихатының депутаты Мұхит Әзірбаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев, әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шолпан Жаманбалаева және оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.   Депутаттар «Бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы және қабылданған ҚР заң актілерінің жүзеге асырылу жолдары жайлы түсіндіріп, университеттің тыныс-тіршілігімен танысты. Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов Елбасы қазіргі заман жастарының білім дәрежесін көтеруге ерекше екпін беретінін атап өтті. Еліміздің білім саласын дамытуда, заманға сай сапалы кадр даярлауда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың алар орны ерекше екендігін тілге тиек етті. «Біз қазақ білімі мен ғылымының қара шаңырағы ҚазҰУ-ға, өзіміз білім алған киелі ордаға жиі келіп, оқытушы-профессорлар қауымымен, жастармен пікір алмасуды жақсы дәстүрге айналдырдық. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – ұлт білімінің ұйытқысы. Жоғары оқу орнының бүгінгі таңдағы жетістіктері көңілге үлкен сенім ұялатады. Ұлт сапасын көтеруде, Елбасы жүктеген Қазақстан-2050 Стратегиясын жүзеге асыруда, «Мәңгілік Ел»  қалыптастыруда университеттің алдыңғы қатарда боларына сенемін!» – деді депутат. ҚазҰУ түлектері, бүгінде ел сенімін арқалаған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мәулен Әшімбев пен Жәмила Нұрманбетова да Қазақстан халқының алдына қойылған басты міндет – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру екендігін жеткізді. Оған жетудің бір жолы – білім беру жүйесін жетілдіру, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті маман даярлау екендігі даусыз. Депутаттар бұл міндетті орындауда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қосқан зор үлесін айтып, бүгінгі таңда университетте студенттердің алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалғанына назар аударды. «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қай бағытта алып қарасақ та, үлкен өзгерістер болғанын атап өтуіміз қажет. Мұнда әлемдік білім кеңістігіндегі үздік тәжірибелер, озық үрдістер мен инновациялар ендірілуде. ҚазҰУ бүгінде халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті университет ретінде өзін дәлелдеп отыр», – деген Мәулен Сағатханұлы болашақта университет бастамаларына қолдау көрсетуге даярлығын білдірді. Сондай-ақ қонақтар университеттік кампус аумағын аралап, ҚазҰУ-дың жағдаяттық басқару орталығы, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы және Әл-Фараби кітапханасы жұмысына қанықты. Олар университеттің болашақ жоспарларынан хабардар болып, заман талабына сай қарыштап алға басқан ҚазҰУ жетістіктерін жоғары бағалады. Жақында ғана университет белгілі бүкіләлемдік «UI Green Metric Ranking of World Universities – 2016» рейтингісіне алғаш рет қатысып, мықтылар тобынан лайықты орын алған болатын. Әлемнің ең экологиялық таза 200-топ университеті қатарына енуі ұлттық университеттің үлкен мүмкіндіктерін кезекті рет дәлелдеп отыр.  

Дана Байғожина, Айгерім Әлімбекова

Серіктес жаңалықтары