50253
Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жіберді
Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жіберді
Қазақстаннан гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына ұшып шықты деп хабарлады turkystan.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, аталмыш көмек Түркияға Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жөнелтілді. Жүктің ішінде жойқын зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да қажетті заттар бар.
Гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 55 тонна.
«Жүк әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына кетті», - делінген хабарламада.