АҚШ-та ұзындығы 1110 метр балмұздақ дайындалды

АҚШ-та ұзындығы 1110 метр балмұздақ дайындалды

АҚШ-та  ұзындығы 1110 метр балмұздақ дайындалды
ашық дереккөзі
164

Әлемдегі ең ұзын сандейді (балмұздақ) дайындаған АҚШ-тың Moo-ville Creamery компаниясы Гиннестің рекордтар кітабына енді деп хабарлайды Associated Press агенттігіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.  

Мичиган штатының Нэшвилл кентінде әзірленген рекордтық десерттің ұзындығы 1110 метрге созылады. Оған 3200 литрден астам балмұздақ, шамамен 360 литр шоколадты сироп, 172 құты шайқалған кілегей және 7200 шие қолданылды, деп жазды Muskegon Chronicle.

Тәттіні 250-ге жуық ерікті бір жарым күн бойы дайындады. Бір қызығы, үш ай бұрын Мичиган штатының Лудингтон қаласында ең ұзын балмұздақ дайындалған еді. Онда House of Flavors компаниясы 910 метрлік сандей әзірлеген болатын. Гиннестің рекордтар кітабының жыл сайынғы басылымы шыққанша Moo-ville Creamery компаниясы қарсыластарынан асып түсті.

Фото: Tina Westendorp

Серіктес жаңалықтары