"Нұрбанк" шотынан 155 млн теңге жымқырған хакерлер сотталды

"Нұрбанк" шотынан 155 млн теңге жымқырған хакерлер сотталды

"Нұрбанк" шотынан 155 млн теңге жымқырған хакерлер сотталды
ашық дереккөзі
262

"НұрБанк" тұтынушысының шотынан 155 млн теңге ұрлаған А.Митин мен Р.Хусаиновтың қылмыстық ісіне байланысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Алматы облысы Жетісу аудандық № 2 соты баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.

Хакерлік шабуыл жасаған қылмыскерлер Қылмыстық кодекстің "Алдын ала келісім бойынша бөгде адамның үлкен көлемдегі мүлкін жасырын ұрлау" тармағы бойынша сотталды.Сот үкімі бойынша А.Митин мен Р.Хусаинов қылмыс жасағандары үшін айыпты деп танылып, аталмыш тармақ бойынша 6 жыл 8 айға бас бостандықтарын айырылды. Сондай-ақ, жаза уақытын жалпы режимнің түзету колониясында өтейтін болады.

Жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша, 2015 жылдың сәуір айында айыпталушылар «Интернет Банкинг» жүйесінің көмегімен қашықтықтан басқара алатын арнайы TeamViewer электронды бағдарламасын  пайдалана отырып "Нұрбанк" АҚ банк шотының құпия сөзін бұзып алғаны анықталды.

Кейін олар жалған төлемдік тапсырмалар құрып, өздері ашып алған "Еуразия Банкіндегі" "Қазақстандық коммерциялық өндіру компаниясының" есепшотына 155 млн теңге көлемінде ақша аударған.Сот процесі кезінде айыпталушылар өз қылмыстарын мойындамаған.

Айта кетейік, TeamViewer — компьютер, планшет және смартфонды қашықтықтан басқара алатын бағдарлама.

Серіктес жаңалықтары