Үйіндінің астында қалған сәбиді бесік арашалады

Үйіндінің астында қалған сәбиді бесік арашалады

Үйіндінің астында  қалған сәбиді бесік арашалады
ашық дереккөзі
572

 «Отырар» арнасы Шымкентте опылып қалған үйдің астынан сәбидің қалай құтқарылғаны бейнеленген видео жариялады. Бейнежазбаны редакцияға жедел жәрдем меңгерушісі Үрия Қалназарова жіберген.

"Шымкентте құлаған үй туралы хабарламаны ести салысымен бірінші боп жедел жәрдем қызметінің 13-бригада дәрігерлері келіп жетті. Құтқарушылардың келуін күтпей-ақ, олар оқиға орнында жылаған дауысы шығып жатқан сәбиді үйінді астынан шығарып алған. Құтқару жұмыстарына дәрігер Михаил Явров, Тахир Османов пен Ғалым Айтуғанов есімді фельдшерлер қатысқан. Бүлдіршіннің денесі қауіпті жарақат алмай, қирандының астынан аман шығуына ескі бесіктің көмегі тиген", – дейді Үрия Қалназарова.

Еске сала кетсек, газ-ауа қосындысының жарылысы орын алған кезде 1 жасар Аружан бесікте ұйықтап жатқан. Үйдің бөлшектерінің сәбидің денесіне зақым келтірмеуіне ескі бесіктің жоғарғы жақтаушалары себеп болған. Ал,бесікте ұйықтап жатқан нәрестені үйіндінің астынан Руслан Бахрамов шығарып алған.

Апат болған маңға жақын жерде тұратын Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының 6506 әскери бөлімінің қызметкері Бахрамов Руслан Богданович қатты шыққан дыбысты естіп көшеге жүгіріп шыққан.Құлаған үйден баланың жылаған дауысы мен көмек сұрап айқайлап жатқандарды естіген Руслан Бахрамов бірден әйеліне жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметін шақыруға бұйрық беріп, өзі қиранды жаққа бет алған.

Бахрамовтың батыл да қайсар әрекетінің арқасында, үйіндінің астынан Жұмалиевтер отбасы шығарылды. Отағасы мен кішкентай бүлдіршін аман қалды. Өкінішке қарай, сәбидің анасы ауыр жарақаттан көз жұмды.

 

Серіктес жаңалықтары