2 тәулік ішінде Астанада 2,5 мың адам уақытша тіркеуге тұрды

2 тәулік ішінде Астанада 2,5 мың адам уақытша тіркеуге тұрды

2 тәулік ішінде Астанада 2,5 мың адам уақытша тіркеуге тұрды
ашық дереккөзі
266

7-8 қаңтар демалыс күндері Астанада 6500-ден астам азамат тіркеуге тұрса, оның ішінде шамамен 2400 адам уақытша тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Астана қалалық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Батырлан Есенбайдың айтуынша, тұрғылықты жері бойынша азаматтардың уақытша тіркеуге тұруы туралы көші-қон заңнамасындағы жаңа ережелерге байланысты ағымдағы жылдың 7-8 қаңтарында Астана қалалық ІІД Көші-қон полициясының қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарды қабылдады.

«Халыққа қызмет көрсету орталықтарында халыққа ыңғайлы жағдай жасау және азаматтардың тіркелу үдерісінен жедел өтуін қамтамасыз ету мақсатында қала, аудандарындағы халықтың тығыздығына байланысты көші-қон полициясының жұмыс орны төрттен алтыға дейін ұлғайтылды. Демалыс күндері Астана бойынша жалпы 6500-ден астам адам тіркелді, оның ішінде 2400 азамат уақытша тіркеуге тұрды», - деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, тұрақтынемесе уақытша тіркеуге тұру үшін пәтер иесінің (пәтер иесі жеке куәлігімен өзі келуі қажет) немесе пәтер иесінің сенімді тұлғасының келісімі қажет. Сонымен қатар, тіркелушінің жеке куәлігі мен 226,9 теңге мөлшерінде тұрғылықты мекен-жайға тіркелгендігі үшін мемлекеттік салық төлегендігі туралы түбіртек талап етіледі.

 

Серіктес жаңалықтары