Түркістан облысында бірде-бір қылмыс тіркелмеген, ішімдік мүлде сатылмайтын ауыл бар

Түркістан облысында бірде-бір қылмыс тіркелмеген, ішімдік мүлде сатылмайтын ауыл бар

Түркістан облысында бірде-бір қылмыс тіркелмеген, ішімдік мүлде сатылмайтын ауыл бар
ашық дереккөзі
50285
Түркістан облысында бірде-бір қылмыс тіркелмеген, ажырасу саны азайған ауыл бар деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Түркістан облысында жыл басынан бері бірде-бір қылмыс тіркелмеген, соңғы 5 жылда ажырасу мүлдем болмаған ауыл бар. Бұл – Жетісай ауданындағы Мақталы ауыл әкімшілігінде орналасқан Алмалы ауылы. Соңғы 6 жылдан бері ішімдік, темекі сияқты зиянды дүниелердің дүкен сөрелерінде сатылмауы ауылдың берекесін кіргізіп отыр. Тиісінше осы уақыт аралығында мұнда ажырасу жайттары болмаған. Бірде-бір қылмыстық құқықбұзушылық, яғни ұрлық жайттары болмаған. Ең бастысы, мыңнан астам шаңырақ тұрғыны тыныш ұйықтап жүр. Бұл ауылдың айрандай ұйып отыруына Ильяс Жабаев, Мұхит Джумабеков, Сапархан Каипов атты учаскелік полиция инспекторларының еңбегі зор. Ауылдың қай тұрғынын әңгімеге тартсаңыз, тәртіп сақшыларының кәсіби шеберлігін, еңбекқорлығын, істеген жұмысын тізбектей жөнеледі. Ауылдың беткеұстар қарттарының айтуынша, полицейлер күнделікті жергілікті жұртшылықтың жағдайын біліп, үй-үйді аралап отырады. Тәртіпті қадағалап, елдің қорғаны деген атқа сай қызмет етеді. Осындай қадағалау мен бақылаудың арқасында жастар жаман әдеттерден бойын аулақ ұстайды. Нәтижесінде, үлкендерді сыйлап, ынтымағы жарасып отырған жайы бар.  

Серіктес жаңалықтары