Ақмола облысында тасты заңсыз өндірген кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды

/
Ақмола облысында тасты заңсыз өндірген кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды
Ақмола облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ақмола облысында құрылысқа қажетті тасты заңсыз өндірген жерден екі экскаватор мен HOWO жүк көлігі тәркіленді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмыстар Зеренді ауданына қарасты Гранитный ауылының маңында қажетті рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген.

«Заңбұзушылық 16 қарашада Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен полиция қызметкерлерінің бірлескен жұмысы барысында анықталды. Тәркіленген барлық техника арнайы тұраққа қойылды», – деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта мамандар заңсыз өндірілген тастың көлемін анықтап, келтірілген экономикалық шығынды есептеп жатыр. Ал полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, оған қатысы бар адамдарды іздестіруде.

Айта кетейік, Ақмола облысының әкімі тапсырмасымен өңірде пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруге қарсы күрес жөніндегі арнайы жұмыс тобы құрылған. Оның құрамына тиісті ведомстволар мен құқық қорғау органдарының өкілдері кірді.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары