Марат Омаров: Нұрлан Өнербаевқа авторлардың өкпесі қара қазандай

/
Марат Омаров: Нұрлан Өнербаевқа авторлардың өкпесі қара қазандай

Танымал әнші, композитор Марат Омаров журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында Нұрлан Өнербаевқа өкпесін жеткізді. Түсініспеушілік Марат Омаровтың «Анашым» әніне қатысты туындаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Халық оның ғана сөзін естіді, менің сөзімді естіген жоқ. Оған «ол әнді айтпасын» деп шарт қойған жоқпын. Оған ескерттім. Мен емес, бүкіл аворлардың өкпесі қара қазандай. Олардың бәрі маған шықты. Мысалы Ержан Белғазиев, Кеңес Дүйсекеев пен Шөмішбай Сариев, бәрі маған айтты.  «Бауырыңа айтсаңшы, әнімізді айтады да, авторларын айтпайды» дейді. Мән бермей келгем. Бұл сөзді қозғамай-ақ қояйын дегем. Халықтың алдына шығып «37 жыл бойы мен айтып келдім, енді айтпаймын» деді. Оған ешкім «айтпа, рұқсат бермеймін» деп айтқан емес. Авторларын айту парыз еді, өйткені ар жағында тұрған еңбек қой. Авторлардың да еңбегі бар. Ең соңғы маған ұнамаған нәрсесі видеода бір-ақ сөзбен бүкіл авторолардың өкпесін қара қазандай қылды», - деді композитор.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары