50174
Жаслан Мәдиев вице-министр қызметінен босатылды
Жаслан Мәдиев вице-министр қызметінен босатылды
Жаслан Мәдиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметінен босатылды деп хабарлады turkystan.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметінен босатылды», - деп жазылған хабарламада.
Жаслан Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы «Альянс Банк» АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің Халықаралық қаржы институттарымен жұмыс басқармасының маманы болып бастаған.
2007-2018 жылдары «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Kazyna Capital Management АҚ, «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компанияларының құрылымдарында жұмыс істеді.
2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі.
2020-2022 жылдары – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары.
2022 жылғы қаңтардан бастап ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып қызмет еткен.