Қарағандыдағы жол апатынан тағы бір медицина қызметкері көз жұмды

Қарағандыдағы жол апатынан тағы бір медицина қызметкері көз жұмды

Қарағандыдағы жол апатынан тағы бір медицина қызметкері көз жұмды
ашық дереккөзі
50241
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында жүк көлігі мен ПАЗ жолаушылар автобусының соқтығысуынан жол апаты болып, бір медицина қызметкері көз жұмды. Бұл туралы Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы Facebook-тағы парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
 «Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының ұжымы «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС мейірбикесі Айдана Амантайқызы Имашеваның қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Ол да әріптестері сияқты осыдан бірнеше күн бұрын Ақтоғай ауданында жол апатынан зардап шекті. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресті, бірақ 22 қыркүйекте, өкінішке орай, бақилық болды», - деп жазылған хабарламада.
Айдана Амантайқызы өмірінің көп бөлігін мейірбике ісіне арнаған. Оның кәсіпқойлығы мен акушерлік шеберлігінің арқасында металлургиялық комбинат жұмысшыларының оннан астам перзенті аман-есен дүниеге келген. Медицина қызметкерінің артында күйеуі мен үш баласы қалған.

Серіктес жаңалықтары