«Әлеуметтік желілерде Мәскеу – Алматы бағыты бойынша билеттердің бағасына қатысты таратылып жатқан ақпараттағы билеттердің құны Дубай арқылы Мәскеу – Дубай ("Emirates" әуекомпаниясы) және Дубай – Алматы («Эйр Астана» әуекомпаниясы) маршруты бойынша транзиттік рейстерді ескере отырып көрсетілгенін хабарлаймыз. Ал Мәскеу – Алматы және Дубай – Алматы бағыттары бойынша қазақстандық әуе компаниялардың тікелей рейстерінде тарифтер өзгермегенін атап өту қажет», - деді ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті.
Мәскеу-Алматы: ұшақ билеттері 8 млн теңгеге жетті

Мәскеу-Алматы: ұшақ билеттері 8 млн теңгеге жетті
Әлеуметтік желіде Мәскеуден Алматыға қатынайтын ұшақ билетінің құны 7,8 млн теңгеге дейін қымбаттағаны жайлы ақпарат пайда болды. Азаматтық авиация комитеті осыған қатысты түсініктеме берді деп хабарлады turkystan.kz.