Мексикалық TUDN порталы «Канело - GGG: Қазақстан Әнұранын кім шырқады» деген мақала жариялады. Мақала авторлары қазақстандық әншінің өнерінен кейін, Twitter желісінде мексикалықтар арасында жаңа тренд пайда болғанын атап өтті. Портал мексикалық желі қолданушылары Димаштың өнеріне тәнті болғанын атап өтті.Dimash Qudaibergen will perform the anthem of Kazakhstan at today’s FIGHT NIGHT 🇰🇿🇰🇿🇰🇿 pic.twitter.com/RprZraEZWd
— Gennadiy Golovkin (@GGGBoxing) September 17, 2022
Испанияның белгілі Marca спорт басылымы "Димаш Құдайберген Қазақстан Әнұранын әсерлі орындап шықты" деген мақала жариялады. Олар әншінің дауысы аренаға жиналғандардың бәрін таңғалдырғанын атап өтті. Портал ән орындалған соң бәрі өнер иесіне ду қол шапалақ ұрғанын жазады.
Тағы бір мексикалық портал - AS México да қазақстандық әншінің жарқын өнерін атап өтіп, оның шығармашылығын қысқаша өмірбаянымен таныстырып өткен.
Mexico ES Euro News порталы Димаш Құдайберген Әнұранды орындап, барша көрерменді таңғалдырды деп жазады. Мақала авторлары әншінің ерекше дауыс тембрімен танылып, түрлі вокалдық байқауларға қатысқанын атап өтті. Мақала соңында Қазақстан Әнұранының испан тіліне аудармасы ұсынылған.
ESPN Knockout спорт порталы Twitter-парақшасында Әнұран орындап жатқан әншінің суретін жариялаған.
SportsCenter спорт порталы да қазақстандық өнерпаздың өнерін назардан тыс қалдырмады. Айта кетейік, қазақстандық әншінің өнерін желі қолданушылары да қызу талқылап, Twitter-де өз реакциясын қалдырып жатыр. Сонымен, аргентиналық қолданушылардың бірі Димаштың өнеріне қатысты былай деп пікір білдірген.Se entona el himno de Kazajistán interpretado por Dimash Kudaibergen 🇰🇿 🔥 EN VIVO 🔥 por #ESPNKnockOut desde Las Vegas 📺 ESPN (para toda Latinoamérica excepto 🇧🇷) pic.twitter.com/gJcsobwNSW
— ESPN KnockOut (@ESPNKnockOut) September 18, 2022
Керемет, таңғаларлық, сиқырлы. Ол әлемдегі ең жақсы әнші!!!! Димашқа бола Аргентинадан жекпе-жекті көрдім және соның арқасында GGG чемпионымен таныстым, - дейді қолданушы.