Жаңақорғанда көпбалалы анаға көмек көрсетілді

Жаңақорғанда көпбалалы анаға көмек көрсетілді
Жаңақорған аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Арман Мажитов тұрғындарға арналған қабылдау өткізді.
Қабылдауда Әбдіғаппар ауылының тұрғыны Маржан Агадилова болды. Ол 6 баласы бар жалғызбасты ана екенін айтып, әлеуметтік көмек сұрады.
Өз кезегінде Арман Мажитов «Мектепке балаларды даярлайық» акциясы аясында демеушілер есебінен 1 баласына мектепке керекті құрал-жабдықтар беріп көмектесті.
Өтініш иесі партия филиалының қолдауына ие болғаны үшін алғысын айтып, ризашылығын білдірді.