50197
Партия жастары өрт қауіпсіздігіне қатысты акция өткізді
Партия жастары өрт қауіпсіздігіне қатысты акция өткізді
Павлодарлықтарға жергілікті құтқарушылар мен партия жастары өрт қауіпсіздігі туралы жыл сайынғы айлық аясында еске салды.
10 қыркүйекте Павлодар облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің қатысумен, «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының және Қызыл Жарты Ай қоғамының еріктілерімен бірлесіп «Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі» акциясын өткізді.
«Іс - шараның негізгі мақсаты - жазатайым оқиғалардың, өрттердің және адамдардың қаза болу қаупін азайту», - деп атап өтті Павлодар облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Қайрат Шаймарденов.Акцияға 45 адам қатысты. Олардың қатарында құтқарушылар, полицейлер және партия жастары 300-ден астам павлодарлыққа профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Жыл сайын түсіндіру жұмыстарының арқасында тұрмыстық өрттердің саны айтарлықтай төмендеді. 2021-2022 жыл аралығында жылыту маусымының өткен кезеңінде өрттер саны 52%-ға төмендеді. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударады. Әкімдіктер мен ҮЕҰ қаражаты есебінен өткен жылы 1 112 улы газ датчигі орнатылды, 488 үйдің түтіндіктері тазартылды, 123 үйде от алдыру алдындағы металл табақтар орнатылды», - деді жергілікті құтқарушылар.Акцияға қатысқан «Жастар Рухы» жастар қанатының еріктілері осындай профилактикалық әңгімелердің маңыздылығын атап өтті.
«Біз жергілікті қызметтерге, әсіресе азаматтық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты көмекке әрқашан дайынбыз. Осындай жобаларға қатыса отырып, жастар павлодарлықтарға қарапайым және түсінікті тілмен өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар өзекті және маңызды тәжірибе алады», - деді «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық «Жастар Рухы» ЖҚ филиалының төрайымы Санира Жүсіпова.