Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Конституциялық Кеңеске жолданды

Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Конституциялық Кеңеске жолданды

Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Конституциялық Кеңеске жолданды
ашық дереккөзі
50158
Парламент Мәжілісі депутаттарының ұсынысына байланысты Республика Президентінің өтініші іс жүргізуге қабылданды. Бұл туралы ҚР Қонституциялық Кеңесінің ресми сайтында жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Парламент Мәжілісі депутаттарының ұсынысына байланысты әзірленген «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады. «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары