Баянауыл ауданында 2 жерде дала өрті болды

Баянауыл ауданында 2 жерде дала өрті болды

Баянауыл ауданында 2 жерде дала өрті болды
ашық дереккөзі
50562
Тілсіз жау Баянауыл ауылы Сәтбаев ауылдық округі мен Жаңажол ауылдық округіне қарасты жерлерді шарпыды деп хабарлады turkystan.kz Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өрт туралы хабарлама 7 қыркүйек күні сағат 13:35-те түскен. Сәтбаев ауылдық округіне қарасты Шоқтау учаскесінде (110 км) құрғақ шөп жанған. Дала өртін сөндірумен Сәтбаев ауылының өрт сөндіру бекеті және ерікті өрт сөндіру құрылымының 30 адамы жұмылдырылған.
«Сонымен қатар Жаңажол ауылдық округінде Жаңажол ауылының маңында Тасбұлақ, Бүркітті, Қажыгелді учаскелерінде де құрғақ шөп өртенді. Тілсіз жау туралы 12:14-те хабар келіп түсті. Өрттің жалпы ауданы 40 гектарды құрады», - делінген хабарламада.
Дала өртін сөндіруге Павлодар облысы ТЖД-нің 4 қызметкері мен 1 техникасы, Жаңажол ауылының ерікті өрт құрамасынан 40 адам жұмылдырылды. Өрт сағат 17:20-да сөндірілді. [caption id="attachment_195461" align="alignnone" width="1202"]Баянауыл фото: pavlodar_tjd[/caption]

Серіктес жаңалықтары