Б.Байбек Алматы әуежайындағы санитарлық тазалықты сынға алды

Б.Байбек Алматы әуежайындағы санитарлық тазалықты сынға алды

Б.Байбек Алматы әуежайындағы санитарлық тазалықты сынға алды
ашық дереккөзі
185
Оңтүстік астанамыздың әкімі Бауыржан Байбек Алматы халықаралық әуежайының Қысқы универсиадаға дайындық барысын тексерді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Қала әкімі бұған дейін жасалған ескертулерді жою бойынша әуежай басшылығы тарапынан бірқатар тапсырмалар атқарылғанын айтты. Нақтырақ айтқанда, бүгінде ғимарат ішіндегі навигациялық құрылғылар үш тілде жүргізілетін болған, жүктерді алу уақыты қысқарып, ұшып келу залында декларацияларды толтыру орындарының саны артқан. Алайда Алматы әкімі әуе портындағы қызмет көрсету факторларына кері әсер етіп отырған тағы бірқатар мәселеге назар аудартты. Атап айтқанда, Бауыржан Байбек қызмет көрсету нысандарында ақпараттық тақталар жоқтығын, банкоматтардың бірқатары істемейтінін, кейбір орындарда қолма-қол ақшасыз төлем жасайтын pos-терминалдардың болмауын, сатып алынатын тауарларда баға көрсеткіші үш тілде жазылмағанын ескертті. Алматы әкімі қоғамдық тамақтану орындарындағы санитарлық тазалықтың жоқтығын баса айтты. Тіпті, оның кейбірі басшылық келер алдында жабылып та қалған. Шаһар басшысының орынбасары Румиль Тауфиковқа ескертілген олқылықтарды шұғыл түрде жою тапсырылды. Сондай-ақ мегаполис әкімі жүргізілген жұмыстар бойынша Алматының Қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері, блогерлердің қатысуымен әуежайда пресс-тур ұйымдастыру қажеттігін тапсырды. Естеңізіде болса, 2016 жылдың қараша айында қалалық Қоғамдық кеңес отырысында 28-ші Қысқы универсиадаға дайындық бойынша әуежайдағы кемшіліктер айтылған болатын. 2017 жылғы Қысқы универсиаданың басталуына 26 күн қалды.

Серіктес жаңалықтары