50186
Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевпен сөйлесті
Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевпен сөйлесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады turkystan.kz.
Президент баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттер басшылары түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын стратегиялық серіктестік пен одақтастық пейілде талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібін қарастырды.