Қаңтарда қақаған аяз күтілуде
Қаңтарда қақаған аяз күтілуде
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, қаңтар айында Қазақстанда үш рет күн қатты суытады. Қақаған аяз Рождество мерекелері қарсаңында (17-23 қаңтар) және айдың аяғында болады.
«Ұзақмерзімді болжамға сәйкес 17-23 қаңтарда, айдың аяғында ауа температурасы төмендейді. Солтүстікте түнде -30-35 аяз, күндіз 20…25 аяз; оңтүстікте түнде 20…25 аяз, күндіз 15…20 аяз болады», – делінген хабарламада.
Қызылорда, ОҚО, Жамбыл, Алматы облыстарында орташа айлық температура норма аясында болады деп күтілуде. Қалған аумақтарда 1°С нормадан жоғары.
Қызылорда, ОҚО-ның басым бөлігі, Жамбыл облыстарында айлық жауын-шашын мөлшері нормаға жуық, қалған аумақта нормадан артық болады деп күтілуде.
Атлантикалық циклондардың жиі өтуінен айдың басым бөлігінде жел 15-20 м/с-қа күшейіп, қар жауады, боран соғады. Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады.