50284
Алматыда автобус өртенді (ВИДЕО)
Алматыда автобус өртенді (ВИДЕО)

Алматы қаласында «Алматыэлектротранс» ЖШС-не тиесілі №38 автобус өртенді деп хабарлады turkystan.kz.
Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне таңертең сағат 8.27-де Саин-Шаляпин көшелерінің қиылысында автобус өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен.«Жедел түрде көбікпен өрт оқпандары енгізіліп, автобус конструкцияларын салқындату үшін бөлек өрт оқпандары берілді. Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 08.47-де оқшауланып, 08.50-де толық сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады ведомстводан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
