1926 жылы түсірілген Ахмет Байтұрсынұлының бейнежазбасы табылды

1926 жылы түсірілген Ахмет Байтұрсынұлының бейнежазбасы табылды

1926 жылы түсірілген Ахмет Байтұрсынұлының бейнежазбасы табылды
ашық дереккөзі
52564
Абылай Мауданов Facebook-тегі парақшасында 96 жыл бұрын түсірілген Ахмет Байтұрсынұлының бейнежазбасын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. 1926 жылы Бакуде өткен Бүкілодақтық түркологтардың бірінші құрылтайына Қазақстаннан 4 делегат қатысқан. Олар -  Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Омаров, Біләл Сүлеев және Нәзір Төреқұлов. «Ахаң жүрген жолмен» танымдық экспедициясы құрылтай өткен ғимаратта жергілікті ғалымдармен кездесіп, деректер сұрастырған. Автордың айтуынша, ол Әзербайжан астанасына барған сапарында Бүкілодақтық түркологтар құрылтайынан түсірілген  бейнежазбасын көруге мүмкіндік алған. Онда құрылтай президиумында отырған Ахметтің бейнесін байқауға  болады.  width= Көп уақыт зерттеген алаштанушы ғалымдар бейнежазбадағы Ахмет Байтұрсынұлы екеніне толықтай негіз бар деп отыр.
«Gullu Yologlu ханым, Сізге мың алғыс! Мұның ішінде алыстан түсірілген 1.28 секунд видеоны Ахаңа ұқсатып отырмыз. Ахметтануға зор еңбек сіңіріп жүрген Орынай Жұбай, Елдос Тоқтарбай сынды ғалымдар «отырған орны, киген киімі, келбеті, бәрі-бәрі Ахаңа келеді» деп сеніммен айтып отыр. Күмән болмас үшін, тиісті орындарға құрылтайда түскен фотосымен қоса жіберіп, сурет пен бейнедегі кісінің ұқсастығын анықтап беруді сұраған едік. Олардан «толық зерттеу үшін көп уақыт керек. Түпнұсқа видеоның сапасы өте нашар. Әйтсе де, образно ұқсайды» деген жауап келді. Осы салада тәжірибесі бар-ау деген жандардың бәрінен осыған ұқсас жауап алдық. Ахаңдай алыптың бір сәттік видеосының өзі неге тұрады. Торғайдағы тойда сүйіншілеп, қалың елді көзайым қылмақ арманымыз бар еді. Әттең, төтенше жағдай килігіп, ол жоспар орындалмады. Бүгінгі туған күнінде фб-парақшама салып отырмын. Ескерту: бұған дейін Баку құрылтайының видеосынан Ахаңа ұқсайтын бір кісінің бейнесі болған. Бірақ, анықтап қарасаң, ол Ахаңның 1925-1926 жылдардағы түскен фотосымен сәйкеспейді. Еті қашып, қартайған кезіне ұқсайды, иегі де тым қушиып қалған. Ахаң 1926 жылы 54 жаста, етжеңді кезі екенін естеріңізге сала кеткен артық болмас» деп жазды Абылай Мауданов.

Серіктес жаңалықтары