Жамбыл облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
ашық дереккөзі
50254
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып Талас ауданын басқарған Қанатбек Мәдібек тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Данияр Асқарұлы мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Қанатбек Қайшыбекұлы 1977 жылы 1 қаңтарда Сарысу ауданы, Жаңаарық ауылдық округінің Ақтоғай ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Еңбек жолын 1998 жылы Жаңатас қаласындағы «Водоканал» кәсіпорнында инженер болып бастаған. 1999-2005 жылдары Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімі аппаратында кеңесші, бас маман, бөлім меңгерушісі, 2005-2006 жылдары Сарысу ауданы Жаңаарық ауылдық округінің әкімі, 2006-2010 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратында бас инспектор, бөлім меңгерушісі, 2010-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2012-2015 жылдары Сарысу ауданының әкімі, 2015-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары, 2016-2019 жылдары Жамбыл облысы бойынша Экология департаментінің басшысы, 2019-2020 жылдар аралығында Сарысу ауданының әкімі болды. 2020-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымында еңбек етті. 2021 жылдың 26 сәуірінен бастап Талас ауданының әкімі қызметін атқарды.

Серіктес жаңалықтары