«Тараптардың өзара келісіміне сәйкес, қазақстандық маманмен келісімшарт мерзімінен бұрын үзілді. Тағы бір қазақстандық маман Александр Кучма бас бапкер міндетін уақытша атқарушы болып бекітілді. Ол команданы 4 қыркүйек күні Шымкентте «Ордабасымен» өтетін ойынға дайындайды», - делінген хабарламада.Айта кетейік, «Тұран» біріншілік кестесінде 16 ұпаймен 13-орында келеді, яғни қауіпті аймақта тұр.
«Тұран» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

«Тұран» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті
Премьер-лигада өнер көрсететін «Тұран» футбол клубының бас бапкері Сергей Когай қызметінен кетті. Бұл туралы түркістандық клубтың баспасөз қызметінен мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.