Тойда себепсіз оқ атқан қызылордалыққа қатысты тергеу басталды

Тойда себепсіз оқ атқан қызылордалыққа қатысты тергеу басталды

Тойда себепсіз оқ атқан қызылордалыққа қатысты тергеу басталды
ашық дереккөзі
50278
Қызылордада той үстінде себепсізден аспанға оқ атқан 21 жастағы жігіт ұсталды деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оқиға 27 тамызда Қызылорда қаласының аумағында болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада әлдекімнің қарумен ауаға бірнеше мәрте оқ атқаны жарияланған болатын.
«Тексеру барысында оқиға қаланың шет аумағында той өту кезінде болғаны анықталды. Атыс салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған дерек бойынша 21 жастағы азаматтың ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі және 293-бабында қаралған қылмыстық құқықбұзушылықтардың белгісі болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бұл бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Серіктес жаңалықтары